04 Желт 2021
Жаңалықтар

"Ingenious Project-2021" халықаралық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы.


2021жылдың қараша айында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар конкурсына Науырзым ауданындағы «Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ 8-сынып оқушысы Валиева Данара қатысып, «Ыбырай атамның шығармаларының тәрбиелік мәні» атты жобасын ұсынып , халықаралық ғылыми жоба өткізу нәтижесінде Ыбырай Алтынсарин шығармаларын дәріптеп,насихаттай білді және өте жақсы деген бағамен қорғап шықты.. Қатысушы елдер: Қазақстан,Ресей,Қырғыстан. "Ingenious Project-2021" халықаралық ғылыми жобалар байқауына жолдама бойынша 102 жұмыс келіп түсті, бірақ конкурс лауреаттары конкурс комиссиясы қарағаннан кейін 75 жұмысты үздік деп анықтады. Үздік деп танылған 75 жұмыстың біреуі Данараның қанжығасына байланды. «Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ 8-сынып оқушысы Валиева Данара І орын иегері атанды.
Ұлт ұстазы салған сара жол,ұстаздықты жүрек қалауымен таңдаған жастарымыз барда,жалғасын таба бермек.
«Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Оразова Люба Каиргалиевна

Название Скачать
1 Грамота_0009-0009 pdf
2 Диплом Ingenious 2021_0009-0009 pdf
3 Итоги конкурса INGENIOUS PROJECT-2021 (1) pdf

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар