12 Нау 2022
Жаңалықтар

Өзін-өзі бағалауды өткізу және ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Шолақсай селосындағы«Бөпежан» бөбекжай-бақшасының педагогикалық ұжымымен өзін-өзі бағалауды өткізу және ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектепке дейінгі білім беру және бастауыш сыныптар бойынша әдіскер Канымкуль Альбековна Валиева мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін (ҚР БҒМ 02.02.2016 ж. №124 бұйрығы) түсіндіріп шықты. Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Мадина Қуанышбайқызы Ермағамбетова ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 10.09.2021 ж.№700 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдармен танысу және негізгі нормативтік құқықтық актілер бойынша жұмыс жүргізді.

«Науырзым ауданы білім бөлімі»ММ мектепке дейінгі ұйым әдіскері»

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар