15 Нау 2022
Жаңалықтар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің сьезі.

 

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен Көкшетау қаласында  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының сьезі өтті. Сьезге қатысушы Қостанай  облысының делегациясының құрамын «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының» ММ  әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі даму бөлімінің басшысы Кубеева Қарлығаш Сапабековна басшылық жасады.. “Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелер келешегі” тақырыбындағы сьезде әріптесіміз Рудный қаласы білім бөлімінің № 5 балабақшасының әдіскері    Бикбаева Гульнар Канаткалиевна және Қостанай  педагогикалық колледжінің оқытушысы Абжанова Акбала Куанышевна  Қостанай педагогикалық колледжіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығындағы  ғылыми  негізделген сүйемелдеу,болашақ мамандар даярлаудағы басты  міндеттердің  бірі ретінде “Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны” , «Ойын-баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы»тақырыптарымен  секция жұмысында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әріптестерімізге  жұмыстарына  жеміс тілеп, биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар