09 Сәу 2022
Жаңалықтар

Білім  негізі  - бастауышта».  

 «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының  Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 08.04.2022жылы аудандық  бастауыш сынып мұғалімдерінің

«Білім  негізі  - бастауышта» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелге 10 мектептен 7 жалпы білім беретін мектеп және 2 негізгі орта мектеп қатысты. Аудандық дөңгелек үстелге 35 педагог қатысты.Әр бастауыш сынып мұғалімдері өз-тәжірибелерімен бөлісті. Баяндамалар оқылып, шебер сыныптарын көрсетті.  «Шилі  жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің директоры Жұпаргүл Бөлтіріковна  «Жаңа форматта  мемлекеттік аттестациядан өту және оның нәтижесі» туралы сөз қозғап, өзінің ой-пікірлерімен  бөлісті. Мектептегі басты тұлға –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да ең алдымен осы ұстаздар арқылы жүзеге асады.Рухани жан дүниесі бай, жан — жақты дамыған , бәсекеге қабілетті, қоршаған ортаға тез бейімделетін жеке тұлғаны сомдау- бүгінгі күнгі басты талабы болып отыр. Бастауыш білім беру- үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Бағдарлама мазмұны бойынша қатысушылар QR код арқылы тіркеліп, дөңгелек үстел жұмысы тәжірибелік алаңда жалғасты. «Робототехника- заман талабы» атты шебер сынып мұғалімдердің қатысуымен өте қызықты өтті. «Балалар  шығармашылығы  үйі» КММ-нің үйірме жетекшісі Оразгуль Нурлановна өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, роботты жылдам құрау кестесін ұсынды. Дөңгелек үстел қорытындысын «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының  Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеттің бастауыш сынып әдіскері Қанымкүл Әлібековна  барлық ұстаздарға алғыс білдірсе, облыстық сьезге қатысқан «Жамбыл  жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің зерттеуші-педагог ы Жанар Мұхамбетжанқызы «Шар» әдісі арқылы мұғалімдер өзара рефлексия жасады.Әр мұғалім өздеріне қиындық  туындаған, қызықты болған сәттерімен  бөлісті. «Дөңгелек үстел» мәселелерін талқылауға үлес қосқан  әр мұғалім оқыту мен оқуда оқу  мақсатына  жету үшін әдістің  маңызын түсінді. Ойымды қорытындылай келе   Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», — деп айтқан ұлы Абай атамыздың ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.     

Бастауыш сынып  әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар