29 Сәу 2022
Жаңалықтар

1-4 сынып оқушылары арасындағы облыстық  олимпиаданың қорытындысы.

 

«Науырзым  ауданының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің 2022 жылғы  жоспарына  сәйкес  2022 жылдың 28 сәуір күні  Тобыл қаласында өткен облыстық олимпиадаға 1-4 сынып оқушылары арасындағы олимпиадаға аудандық олимпиаданың жүлдегерлері қатысты. Жамбыл жалпы білім беретін мектебі" КММ 1-4 сынып оқушылары: Сәрсенбай Аружан Тұрарқызы 1-сынып оқушысы, Ғазиз Сұлтан Нұрланұлы 2-сынып оқушысы, Қабдолла Айым 3-сынып оқушысы, Кубегенова Жасмин 4-сынып оқушысы.Сұлтан облыстық олимпиадада топ жарды.Ең үздік үштік, Лисаковск қаласы,Рудный қаласымен тең түсіп, ауданымыздың мәртебесін асқақтатып, ІІІ-орынды жеңіп алды. Жеңісің құтты болсын,Сұлтан! Сенің кішкентай ғана жеңісің,жетістігің мектепте тәрбиеленіп жатқан басқа да оқушылардың көңілдеріне сенім мен мақтаныш сезімін ұялатады деп сенеміз.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар