06 Мамыр 2022
Жаңалықтар

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету - бұл біздің борышымыз.  

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен қамтамасыз еткендердің қатарында әйелдердің бар екені айтпасақ та белгілі. Олар елде  қалған қарттарына қарайласып, бала-шағаның қамын ойлап, майдандағы жақындарынан жырақ жүрсе де жеңіс туын желбіретуге зор үлес қосты. Сондай нәзік жандылардың бірі – тыл еңбеккерлері Клим Мария Прокофьевна 88 жастан  және  Тимошенко Людмила Николаевна 86 жастан асқан кейуаналар  бүгінде Науырзым ауданында  Қарамеңді селосында тұрады. Сұм соғысты әлі күнге дейін санасынан өшірмеген әжелеріміз  өткен күнге көз тастап, ескірмеген естеліктерімен  бөлісті.«Соғыс басталған кезде бүкіл ел азаматтары қару асынып, Отан қор­ғауға аттанды. Ел-жұрт болып азан-қазан күйде абдырап қалдық. Ауылда өңкей кемпір-шалдар мен   жарамсыз жандар ғана қалды. Біз соларға бас-көз бо­лып, азаматтардың амандығын тіледік. Тылдағыларға ауыртпашылық бірден түсті. Сынаққа төзіп, шың­дала білді. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету - бұл біздің борышымыз. Біз үшін әрбір соғыс ардагері - бұл тарих.

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар