16 Мамыр 2022
Жаңалықтар

2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық  «Бастау» математикалық турнирінің облыстық  кезеңі.

 

2022 жылдың  13 мамыр айында  «Дарын»  ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен   республикалық «Бастау» математикалық турнирі өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау,математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту болып табылады. Науырзым ауданынан  турнир қорытындысы бойынша Шолақсай жалпы білім беру мектебінің командасы  қатысты Аудан  намысын 3 оқушы қорғады. Олар  2-сынып оқушысы Попович Богдан, 3-сынып оқушысы Сабыржан Ермек  және 4-сынып оқушысы Есщанова Аруна.

  • . 1 тур « Әу баста» (командалық сынақ)
  • 2 тур - «Асық»(командалық сынақ);
  • 3 тур - «Математикалық бәйге» ( жеке сынақ).

 

ІІІ дәрежелі дипломмен  Сабыржан Ермек -  Шолақсай жалпы білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы марапатталды.

Математикалық турнир қатысушыларын,олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ

 

Бастауыш сынып әдіскері  Валиева Қанымкүл Әлібекқызы

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар